Skip to content

Жетістіктер

           Жаңарған балабақша- жарқын болашақ.

Балаларға қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында балабақшада жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Жөндеу барысында ұйымның ішкі және сыртқы инфрақұрылымы жаңартылып, заманауи талаптарға сай келетін жағдай жасалды.

Жаңғырту жұмыстары аясында:

  • топ бөлмелері толық жөнделді;
  • жылыту, жарықтандыру жүйелері жаңартылды;
  • еден, қабырға жабындары ауыстырылды;
  • санитарлық тораптар балаларға жайлы етіп қайта жасақталды;
  • ауладағы ойын алаңдары абаттандырылды.

Балабақша ғимараты қазіргі заман стандарттарына сәйкес келетін жаңа түспен көркейіп, балалардың дамуына қолайлы орта қалыптасты.

Біз балғын бүлдіршіндеріміздің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалған бұл жұмыстар жаңа жетістіктерге жол ашады деп сенеміз.

«Әр қадам-даму, әр күн жетістік 2025 жыл»

2025 жыл «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы үшін табысты жылдардың бірі болды.

Жыл бойы ұйымдастырылған тәрбие-білім беру жұмыстары, педагогтердің кәсіби ізденісі және балалардың шығармашылық белсенділігі нәтижесінде бірқатар елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалды.

 Бүгінгі таңда бөбекжайда заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, балалардың жан-жақты дамуына бағытталған оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылуда. Педагогтар инновациялық технологияларды пайдаланып, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай көрсеткіштерін дамытуда.

Педагогтердің жетістіктері

Педагогикалық құрамымыз өз кәсібилігін арттырып, түрлі деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларда жоғары нәтижелер көрсетті.

2025жылы:

Меңгеруші М.К.Гумарова – Аудандық педагогикалық оқудан ІІ дәрежелі диплом иеленді. Секция: «Білім беру мекеме басшылары»;

Әдіскер А.Қ.Каримова – Атырау облысы Білім беру басқармасы «Құрмет грамотасы», облыстық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін марапатталды..

«Мектепке дейінгі ұйым жыл әдіскері-2025» байқауының аудандық кезеңінен І дәрежелі диплом, облыстық кезеңінен ІІ дәрежелі дипломды  иеленді.

Педагог- психолог Б.С.Тулегенова- аудандық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының міндеттерін іске асырудың әдістері мен тәсілдері: үздік тәжірибелер» шебер-сыныпта өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат иеленді.

Тәрбиеші-К.К.Орынбасарова Атырау облысы Білім беру басқармасы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Тәрбиеші -Д.Қанатқызы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Махамбет аудандық комитеті филиалының» Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тәрбиеші-Ж.Қ.Аманғалиева мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Шебер әке, өнерлі бала» байқауының бөбекжайішілік кезеңінде «Ботақан» кіші тобының тәрбиеленушісі Қанат Аңсағанды дайындағаны үшін ІІ орын иеленді.

Тәрбиеші С.А.Дүйсенова аудандық педагогикалық оқудан ІІ орынды иеленді.

Тәрбиеші Ж.К.Хайдарова «OPEN SPACE» «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жағдайында педагогикалық процесті сүйемелдеудің белсенді нысандары мен әдістері» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикум жұмысында өз тәжірибесімен бөліскені үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.

Тәрбиеші А.Р.Танатарова облыстық «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасыныңміндеттерін іске асырудың әдістері мен тәсілдері: үздік тәжірибелер» шебер-сыныпта «Бестемше» ұлттық ойынының ІІІ орын жүлдегері, аудандық «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының міндеттерін іске асырудың әдістері мен тәсілдері: үздік тәжірибелер» шебер-сыныпта өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат иеленді.

Музыка жетекшісі- А.З.Шахманова «Өнерім саған-Қазақстан» байқауының аудандық кезеңінен хореография жанры бойынша ІІ орын, аудандық «Өнерім саған-Қазақстан» байқауының аудандық кезеңінен оркестрден І орын, облыстық кезеңінен ІІ орын иеленді. Аудандық «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының міндеттерін іске асырудың әдістері мен тәсілдері: үздік тәжірибелер» шебер-сыныпта өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат иеленді.

Қазақ тілі маманы  Ф.Е.Нұрмұханбет аудандық ПИФ- Іорын, «Өнерім саған-Қазақстан» байқауының аудандық кезеңінен «Мәнерлеп оқу» жанры тәрбиеленуші Кәрім Айсұлтанды дайындағаны үшін ІІ орын, аудандық «мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының міндеттерін іске асырудың әдістері мен тәсілдері: үздік тәжірибелер» шебер-сыныпта өз тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат иеленді. «OPEN SPACE» «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жағдайында педагогикалық процесті сүйемелдеудің белсенді нысандары мен әдістері» тақырыбы бойынша облыстық семинар-практикум жұмысында өз тәжірибесімен бөліскені үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.

Тәрбиеші- А.А.Сисенова аудандық ПИФ- ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Бұл жетістіктер педагогтердің тынымсыз еңбегін, шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дәлелдейді.

Тәрбиеленушілердің жетістіктері

Балаларымыз да жыл бойы түрлі шығармашылық, спорттық және танымдық сайыстарға қатысып, келесі жетістіктерімен қуантты:

«Балапан» тобы– мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Ханталапай» байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Б.У.Кадирова.

«Таңшолпан» тобы мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Ханталапай» байқауының аудандық кезеңінде ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: М.С.Нуржанова

«Балапан» тобы– «Өнеріміз саған -Қазақстан» республикалық байқауының аудандық кезеңінде музыка аспаптарында ойнау бағытында жүлделі І орын иеленді, облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді.

 «Балапан» тобы– «Өнеріміз саған -Қазақстан» республикалық байқауының аудандық кезеңінде оркестр жүлделі ІІ орын иеленді

Бұл — тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Бұл марапаттар біздің ұйымның сапалы жұмысын, тәрбие-білім беру үдерісінің жоғары деңгейін көрсетеді.

2025  жылында педагогтарымыздың қатары  3- педагог- модератормен толықты.

Педагогтерге, тәрбиешілер мен қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Осы жылы олар өз білімдері мен күш-жігерін балалардың дамуына арнап, әрқайсысының жүрегінде із қалдырды. Алдағы уақытта да шығармашылық пен білімнің жаңа биіктерін бағындыратын боламыз!

2025 жыл — біздің ұжымның табысты, жемісті және белсенді еңбек еткен жылы болды. Әрбір жетістік — бірліктің, кәсібиліктің және балаларға деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Біз алдағы уақытта да сапалы білім мен тәрбие беріп, жаңа белестерді бағындыруды жалғастырамыз.

Ата-аналарға алғысымыз шексіз!Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз біз үшін ең үлкен мотивация. Балаларымыздың жетістіктері – біздің ортақ жеңісіміз!Баршаңызға жаңа жылда денсаулық, бақыт пен жетістік тілейміз!

#Жауқазын2025#ЖылҚорытындысы #Жетістіктер #Марапаттар #Шығармашылық #Балалар #Алғыс #Білім #ЖаңаЖыл