Skip to content

«Жауқазын» бөбекжай- бақшасында ұйымдастырылған ең қызықты сәттерді сіздермен бөлісеміз!

Тәрбиеленушілердің дамуына бағытталған түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылуда. Балалар ұлттық мерекелерді атап өтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ынтымақтастыққа үйренуге белсене қатысты. Әр іс-шара тәрбиеленушілеріміздің бойына ізгілік, патриоттық сезім мен отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруге бағытталды.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттер: білім мен қызығушылықтың ордасы!

Ойын-сауық: Бала күлкісі — әлемнің сәні! Танымдық сабақ: Болашаққа біліммен! Спорттық шаралар: «Спорт- денсаулық кепілі!» тақырыбында өткізілді.

Ойындар мен мерекелік шараларда балалар ұлттық дәстүрлерді үйреніп, өнерлерін ортаға салып, тамаша көңіл-күймен қызықты уақыт өткізді. Мұндай шаралар тәрбиеленушілеріміздің шығармашылық, танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Балалардың ерекше қуанышы мен алға қойған мақсаттарға жету жолындағы табыстары – біздің ортақ жетістігіміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *