“Жауқазын” бөбекжай- бақшасында 2025 жылдың 13 қараша күні “Жасыл балабақша: экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары” тақырыбында семинар өтті.
Семинарда тәрбиеші С.А.Дүйсенова тәжірибе жұмыстарын көрсетіп, ортаға салды.
Педагогтер балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың заманауи тәсілдері мен тиімді әдістерін талқылап, жас ұрпаққа табиғатты қорғау дағдыларын сіңіруге арналған жаңа идеялармен бөлісті.
Семинарды әдіскер Ақжүніс Қисақызы қызметкерлер арасында қызықты “Табиғатты қорғайық” квест-ойын ұйымдастырып, экологиялық тапсырмалар арқылы командамен жұмыс істеу дағдылары шыңдалды.
Іс-шара қатысушыларға ерекше серпін беріп, экология тақырыбындағы шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік жасады.
🌱 Табиғатты қорғау – тәрбиенің бастауы!
#ЖасылБалабақша #Экология #БалабақшаӨмірі #ТәрбиешілерСеминары



