“Жауқазын” бөбекжай- бақшасында 2025 жылдың 30 қазан күні “Заманауи білім беру кеңістігіндегі жобалық қызмет” тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: тәрбиешілерді жобалық әдістің ерекшеліктерімен таныстыру, тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету.
Өткізу форматы: теория, тәжірибе, пікірталас.
Семинар барысында әдіскер А.Қ. Каримова және
тәрбиеші Ж.Қ.Аманғалиева жоба тақырыптарын ортаға салып, жоспарларымен бөлісті.
А.Қ.Каримова- жоба тақырыбы “Болашаққа бағытталған бірлік: педагогтерді ұйымдастырудың жаңа үлгісі”
Ж.Қ.Аманғалиева жоба тақырыбы: “Табиғатты аялау -біздің борышымыз”.
Іс- шара барысында теориялық бөлімде педагогтер жобаның негізгі кезеңдерімен бөлісіп, жаңа әдістермен танысты.
Практикалық бөлімде топтық жұмыс көрсетілді.
Рефлексия әдісімен қорытындылай отырып қатысушылар семинардан алған пайдалы 2 тармағын және 1 ұсынысын айтты.
Семинарлар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, ұжымдағы ынтымақтастықты арттыра түседі.
#болашаққа бағытталған бірлік
#әдіскер ізденісі
#кәсіби даму