«Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Махамбет ауылының «Жауқазын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның тарихы
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты -тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидың ойын әрбір тәрбиешісі өзіне қағида ретінде ұстанған«Жауқазын» балабақшасының іргесі алғаш рет 1969 жылы 14-тамызда Махамбет аудандық Кеңесінің атқару комитетінің №188 қаулысымен №3 балабақша болып қаланды. №3балабақша болып бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан бұл мекеменің алғашқы меңгерушісі Ақсұлу Балтабаева болды. Алғаш ашылған кезде Максина Александра шаруашылық меңгерушісі , Карженова Злиха медбике, Мафтуха Гаммаева, Айғанша Орашева, Нан Эльза аспазшы, Сағима Меңдіғалиева, Галя Хабирова, Рая Карчагина тәрбиешілік қызметтерін атқарды.
Махамбет аудандық білім бөлімінің 1970 жылғы 2-шілдедегі №154-бұйрығына сәйкес балабақшаға бұрын Махамбет мектеп-интернатында тәрбиеші болған Қарабаева Жәміш меңгерушілікке тағайындалып, 1970-1978 жылдар аралығында жемісті еңбек етті.
1977-1986 жылдар аралығында №3 «Жауқазын» балабақшасын Рахимова Сәуле басқарды.
Махамбет аудандық білім бөлімінің 1986-жылғы 3-маусымдағы №1581 бұйрығына сәйкес балабақша меңгерушісі болып сол кезде аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие инспекторы болып қызмет атқарып жүрген Мырзагереева Гүлнар тағайындалды.
Мырзагереева Гүлнар басшылық ететін ұжым аз жылдардың ішінде аудандағы іргелі тәрбие ошағына айналып, 1994 жылы балабақша меңгерушісінің «Балабақшада кадрлармен жұмыс жасаудың жаңаша әдістері» тақырыбындағы іс-тәжірибесі балабақшаларға таратылды.
1996 жылы аудан әкімінің №307 шешімімен және аудандық білім бөлімінің №205 бұйрығымен гимназиялық топ ашылып, осы жылы аудан бойынша алғаш рет «Балбөбек» бағдарламасын эксперимент ретінде оқу-тәрбие жұмысына енгізу №3 «Жауқазын» балабақшасына сол кездегі облыстық білім жетілдіру институтынан тапсырылды. Аталған бағдарлама бойынша жұмыс оң нәтиже беріп, кейін аудан көлеміндегі барлық балабақшаға «Балбөбек» бағдарламасы енгізілді.
Жүрек жылуы мен білімін жас бүлдіршіндерге, жас ұрпақ тәрбиесіне арнауды бақыт деп санайтын білікті меңгеруші Гүлнар Мырзагерееваға 1997 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі табыс етілді.
Балабақша атауы өзгеріп, Махамбет аудандық білім бөлімінің 1999 жылғы 1-наурыздағы №48 бұйрығымен КМҚК №3 «Жауқазын» балабақшасы болып бекітілді.
Бүлдіршіндердің бала бақшаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруда ерен еңбектерімен ерекшеленіп жүрген «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешілері аудандық, облыстық педагогикалық оқуларға, кәсіби сайыстарға үнемі белсенділікпен қатысып отырады.
1999 жылы өткен облыстық педагогикалық оқуға «Бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбие орны» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымен қатысқан тәрбиеші Төлегенова Болған жүлделі 2-орынға ие болды.
Оқу тәрбие жұмысы жылдан жылға жақсарып, 2000 жылдан бастап балабақша 2 қабатты бұрынғы Махамбет орта мектебі ғимаратына көшірілді.
«Жауқазын» балабақшасының педагогикалық ұжымы бүлдіршіндерді заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ болып қалыпасып-өсуге тәрбиелеумен қатар, олардың түрлі өнер байқауларына қатысып, жеңімпаздар сапынан көрінулері жолында да аянбай еңбектеніп жүр. 2001 жылы 1-маусым – балаларды қорғау күніне орай өткен мерекелік шараға белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен, 2002 жылы»Таңшолпан» аудандық байқауындағы ерекше өнерлері үшін 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2002 жылы «Жауқазын» балабақша базасында облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Балбөбек» бағдарламасы бойынша оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтіп, аудан тәрбиешілері үшін тағылымы мен берері мол шара ретінде балабақша тарихында қалды.
Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіне ежелден мән беріп, келешегіне үміт артқан үрдісін жалғастырып келе жатқан «Жауқазын» балабақшасы ұжымы 2003 жылы облыстық «Таңдаулы балабақша-2003» байқауына қатысып, жүлделі 2-орынның тұғырына көтерілді.
2003 жылы «Балалар бақшасының ата-аналармен жұмысы» тақырыбымен өткен облыстық пелагогикалық оқуларға қатысқан тәрбиеші Даришева Қалампыр алғыс хатқа ие болса, саз жетекшісі Қадырғалиева Гүлшара 2-дәрежелі дипломмен марапатталып, облыс көлемінде аудан мерейін асырды.
Аудан тарихындағы ерекше жылдардың бірі болып саналатын 2003-жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырып балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Таңшолпан» өнер байқауында ертегі кейіптендіру номинациясы бойынша қатысқан бүлдіршіндер 2-орынға ие болды.
Бүлдіршіндердің туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасауды басты назарда ұстайтын балабақша меңгерушісі Гүлнар Мырзагереева 2004-жылы білім және ғылым қызметкерлерінің III-сьезіне делегат болып қатысты.
Облыстық мектепалды даярлық топтары тәрбиешілері арасында өткен панорамалық сабақтар сайысында тәрбиеші Г.Ідірісова жүлделі III-орынға ие болып, өзінің білімі мен білігінің жоғары дәрежеде екендігін облыс көлемінде дәлелдей білді.
Ресейдің Қазақстандағы достық жылына орай өткен «Таңшолпан» аудандық байқауына қатысқан бүлдіршіндеріміз 2-дәрежелі дипломды салып, 2004- жылғы жеңістерімізді одан әрі еселей түсті.
Жас бүлдіршіндер тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы бар «Жауқазын» балабақшасы ұжымы 2004-2005 оқу жылын жақсы аяқтағаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Тынымсыз ізденіс пен ұйымшылдықтың жақсы нәтижелерге жетелейтіні тәжірибеден белгілі. Міне, осындай бірлескен еңбек 2006 жылы «Жауқазын» балабақшасы ғимаратының аудан бойынша «Үздік ғимарат» атағын жеңіп алуына септігін тигізді.
Осы жылы облыстық педагогикалық оқулар сайысына қатысқан тәрбиеші Блған Төлегенова жүлделі 3-орынға ие болса, балабақша тәрбиешісі Г.Ідірісова «Үздік ауыл балабақша тәрбиешісі» атағын жеңіп алып, ұжымдастарының мерейін биіктетті.
Басты міндеттері бала тәрбиесімен қатар ауданның мәдени өміріне белсенділіепен араласатын балабақша ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – ұранымыз, Желтоқсан – жыр-әніміз» атты мекеме-ұжымдар арасындағы өнер фестиваліне қатысып, III-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Сәбилерге – туған ел шуағы» атты айлық аясында өткізілген «Айгөлек» фестиваліне қатысқан бүлдіршіндер хореография номинациясы бойынша арнайы дипломға ие болды.
2008-жыл – Махамбет ауданы тарихындағы ерекше жылдардың бірі. Осы жылы ауданымыз өзінің 80 жылдық мерейлі тойын тойлады. Осынау мерейлі мерекеге олрай ұйымдастырылған «Туған өлкем – қандай көркем» атты мекеме-ұжымдар арасындағы көркемөнерпаздар байқауына қатысқан ұжым мүшелері екінші орынды жеңіп алып, би жетекшісі Шахманова Айна аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің грамотасымен марапатталды. Осы жылы балабақша ұжымы мектепке дейінгі білім мекемесінде бүлдіршіндерді тәрбиелеуде қол жеткен табыстары үшін аудан әкімінің алғыс хатымен мадақталды.
2009-жылы мектепке дейінгі мекемелер арасында өткен аудандық «Салауатты балдырған» спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындарына қатысқан спортшы бүлдіршіндеріміз жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Ұжымның тәжірибелі педагогтарының саны жыл санап артып, олар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастырып келеді. . Балабақша ұжымы қай кезде деаудан, облыс көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Сол сөзіміздің дәлеліндей, 2010-жылы тәрбиешілер Атауллина Әлия мен Алдешова Ұлмекен облыстық педагогикалық оқуларда шығармашылық жұмыстарын қорғап, III-дәрежелі дипломмен мадақталды.
2010-жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс!» атты мекеме-ұжымдар арасындағы өнер фестивалінде ерекше өнер көрсеткені үшін «Жауқазын» балабақшасы ұжымы 3-орынға лайық деп танылды.
Егемен еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің мәңгі жасауы және «қазақ» атауының ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде-бақша өмірінің рөлі зор. Осындай ұстаныммен жұмыс жасайтын балабақша ұжымы егеменді еліміздің дамыған өркениетті елдер қатарына жету жолында ғылым мен білім жүйесін жетілдіруге қосқан үлестері мен Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру жолында бүлдіршін тәрбиесіндегі ерен еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Осы жылғы тағы бір үлкен жеңіс – тәрбиеші Төлегенова Болған жыл қорытындысымен аудан бойынша «Жыл тәрбиешісі-2010» атағын , ал балабақша «Жыл балабақшасы-2010» атағын жеңіп алып, абыройлары асқақтаса, облыстық мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының «Айгөлек» фестивалінде би номинациясы бойынша өнер көрсеткен бүлдіршіндер «Ең сүйкімді бишілер» номинациясына ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын «Жауқазын» балабақшасы 4 топтағы 88 баламен,13 педагог-маманмен қарсы алды. 2010-2011 оқу жылында «Балапан» бағдарламасы бойынша 25 балалық 1 топ ашылса, 2011-2012 оқу жылында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында балабақшадан 50 бала қамтитын 2 топ ашылды.
«Білім берудегі жаңғырту жағдайында білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық қызметті ұйымдастыру» атты аудандық педагогикалық оқуда 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық сайысқа жолдама алған тәрбиеші Дүйсенова Салтанат «Жеке тұлғаға бағытталған білім беруде оқытудың педагогикалық технологияларын пайдалану жолдары» тақырыбымен өткен облыстық педагогикалық оқуларда да топ жарып, 3-орынға ие болса, тәрбиеші Таңатарова Әлия аудандық «Білім ұясы: Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі» аудандық байқауында Бас жүлдеге ие болып, облыстық байқауда арнайы дипломмен марапатталды.
Осы оқу жылында облыстық «Айгөлек» фестивалінде сахналық шеберліктері үшін балалар театры арнайы дипломмен марапатталса, аудандық педагогикалық оқуларға қатысқан Алдешова Баян мен Ідірісова Гүлфая 1-орынға лайық деп танылса, облыстық кезеңде әдіскер Ідірісова Гүлфая жүлделі 3-орынға табан тіреді.
Махамбет аудандық білім бөлімінің 2013 жылдың 28-қаңтарындағы№42 бұйрығымен «Жауқазын» балабақшасына Жумалиева Алмагүл Сейфуллақызы басшылыққа келді. Ізденгіш, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары Алмагүл Сейфуллақызы «бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек» деген қағиданы басшылыққа ала отырып жұмыс жасайтын педагог екендігін аз уақытта дәлелдей білді. 2013 жылы ұйымдастырылған «Білім ұясы:Таңдаулы балабақша» байқауында жас басшы жүлделі 2-орынға табан тіреді. Осы жылы тәрбиеленушілеріміз де ерлеп, аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылығы байқауында, «Хореография» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болып, облыстық байқауда аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады.
Педагог-тәрбиешілердің білімі мен кәсіби біліктілігін саралайтын бірден-бір дода – кәсіби сайыстар десек, балабақша педагогтары бұндай байқауларға ерекше ынтамен қатысып, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.
Аудандық «Үздік менеджер-2014» байқауына қатысып, шығармашылық ізденісімен көзге түскен балабақша меңгерушісі Жұмалиева Алмагүл бұл сайыста да жүлдегерлер қатарынан орын алып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беру негіздерінің бірі» тақырыбымен өткен аудандықXV педагогикалық оқуларға қатысқан тәрбиеші Даришева Қалампыр мен музыка жетекшісі Қадырғалиева Гүлнар ІІ орынға ие болып, облыстық сында Қадырғалиева Гүлнар ІІІ дәрежелі дипломмен мадақталды.
«Өнерлі өрге жүзеді» дегендей, бала бойына жастайынан өнердің дәнін себуді мақсат еткен педагог-тәрбиешілер жыл сайын балабақша қабырғасынан талантты да талапты, өнерлі бүлдіршіндерді көптеп ұшырады. Осы сөзіміздің дәлеліндей, 2014 жылы өткен аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылығы байқауына вокал номинациясы бойынша қатысқан Мақсот Райхан мен бишілер тобы 2-орыннан көрінсе, кейіптендіру номинациясы бойынша жас актерларымыз Бас жүлдені иемденіп, облыстық байқауда да топ жарып, 3-орынның биігіне көтерілді.
2015-жылы -28 қазандағы аудан әкімінің №475 қаулысымен «Жауқазын» балабақшасы атауынан «Жауқазын» бөбекжайына ауысты. Осы жылы өткен аудандық педагогикалық оқуларға қатысқан ағылшын тілі пәні маманы Аубакирова Гүлжазира 1-орынға лайық деп танылып, облыстық сайысқа жолдама алса, Атырау қаласында өткен «Мерейлім, мақтанышым – Махамбетім!» атты Махамбет ауданының мәдениет күндеріне жоғары белсенділікпен қатысқан «Жауқазын» балабақшасының ұжымы аудан әкімі Е.Жаңабаевтың алғыс хатымен ұлығыланды.
2016-жыл – «Жауқазын» бөбекжайы үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Жылдың жаңалығы – бөбекжай ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, бөбектерге құшағын айқара ашты. Екінші санатты тәжірибелі тәрбиеші Дүйсенова Салтанат аудандық тәрбиешілер байқауында Бас жүлдеге ие болып, облыстық “Үздік тәрбиеші” байқауында үздіктер қатарынан орын алып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016-жылдың қорытындысымен сала үздіктерін анықтаған салтанатты шарада ДүйсеноваСалтанатқа ауданның «Үздік балабақша тәрбиешісі-2016» атағы берілді.
Бөбекжай психологы Төлегенова Болған «Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» атты облыстық екінші педагогикалық оқуларға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, республикалық қашықтықтан өткізілген «Мен және менің мамандығым» байқауында Гран-при иегері атанып, балабақша беделін бір биіктетті.
Осы жылы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңес хаттамасымен «Жауқазын» бөбекжайының 1 санатты музыка жетекшісі Гүлнар Қадырғалиеваның іс-тәжірибесі «Балаларға базарлық» деген атпен брошюра түрінде жарық көріп, аудан балабақша музыка жетекшілеріне көмекші құрал ретінде қолданысқа таратылды.
Сонымен қатар, тәрбиеші Қалампыр Даришеваның «Тыйым сөздер мен ырымдар», «Тәуелсіздіке тарту», «Көңілден шыққан көрікті ойлар» аттыжыр жинақтары жарыққа шығып, әдістемелік кеңестің шешімімен аудан көлемінде таратуға мақұлданды.
Дәстүрлі өтетін «Айгөлек» балалар шығармашылығы байқауының қортындысымен хореграф Шахманова Айна 2-дәрежелі дипломмен марапатталса, Таңатарова Әлия «Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы педагогикалық оқуларда жүлделі 1-дәрежелі дипломмен, ағылшын тілі пәні маманы Аубекерова Гүлжазира III облыстық ғылыми-практикалық конференцияғақатысқаны үшін алғыс хатпен мадақталды.
Ұлттық аспаптарды меңгерген бөбекжай бүлдіршіндерінен құралған «До, ре, ми» балалар оркестрі аудандық «Айгөлек» байқауында 1-орынға ие болды.
«Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек» деген ақын Мағжан Жұмабаевтың сөзін жадыларынан шығармайтын, осы даналық сөзді күнделікті жұмыстарында ұстана білетін бөбекжай тәрбиешілері баланың таным көк жиектерін кеңейтуде аянбай еңбек етіп келеді. Ел үшін жасаған еселі еңбек ескерусіз қалмайтыны белгілі. 2017-жылы 8-наурыз мерекесі қарсаңында бөбекжай тәрбиешісі Таңатарова Әлияға Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хаты табыс етілсе, Альдешова Баян республикалық «45 minut.kz» газетінің сайтына сабағын орналастыруда белсенділік танытқаны үшін арнайы грамотамен, респбуликалық www.bilim-qylym.kzпорталының дипломымен марапатталды.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың инновациялық тәжірибесі» тақырыбымен өткен аудандық педагогикалық оқуларға қатысқан тәрбиешілер Гумарова Маринамен Қабазова Мөлдір 2-орынға ие болса, Орынбасарова Күнсұлу 3-дәрежелі дипломды жеңіс қоржынына салды.
2017-жылы өткен аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылығы байқауында өнерлі бөбектеріміз топ жарып, «До, ре, ми» балалар оркестрі 1-орынға, Талғатқызы Аилина алғыс хатқа, бишілер тобы 2-орынға, Бөлекбай Мейіржан 3-орынға лайық деп танылса, театрлық-сахналық ертегі қойған бүлдіршіндеріміз байқаудың Бас жүлдесіне ие болып, облыстық сайысқа жолдама алып, төгілген терді ақтады.
Сондай-ақ, халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты аудандық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалінде бөбекжай ұжымы шығармашылық идеясы үшін 2-орынға ие болса, 1-мамыр, 9-мамыр мерекелерін атап өтуге арналған шараларға белесенділікпен қатысқаны үшін аудан әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевтің алғыс хатымен марапатталды.
“Әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қадам басқан Қазақстанның сәулеттенуі мен рухани дәулеттенуі жолында жаңарған қоғамның білім саласын жетілдіре отырып, жаңа 2017-2018 оқу жылына білім беру мекемесін сапалы дайындағаны үшін “Жауқазын” бөбекжайы аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталады.
2018 жылы “Жауқазын” бөбекжайы ұжымы ауданның мәдени -көпшілік шараларында белсенділік танытқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
“Айгөлек” мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық фестивалінің аймақтық кезеңін жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін бөбекжай ұжымы аудандық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталды.
Халықаралық балаларды Қорғау күніне арналған “Әрқашан күн сөнбесін” аудандық (сырттай) балалар шығармашылығы фестивалінде шығармашылық идеясы үшін “Жауқазын” бөбекжайының ортаңғы топ балаларының ұжымдық жұмысы аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
“Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру” саласына 100 жыл толуына орай, Облыстық Ұстаздық еңбек газетінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №20 санында “Тарихы терең Жауқазын” тақырыбында мақала жарық көрді. Психолог Б.Тулегенованың Ұстаздық еңбек газетінің 2018жылғы 8 ақпандағы №3(4) санында “Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді” тақырыбындағы педагогтармен өткізген семинар-тренингі газет бетіне жарияланды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Халық артисі, бишісі Гүлжан Талпақованың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған аудандық би фестиваліне қатысқан үшін бөбекжайдың “Айгөлек” би тобы бүлдіршіндері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы Аудандық мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың арасындағы “Тіл- ұлт қазынасы” байқауына қатысып, тілдік мәдениетімен, сөйлеу шеберлігімен ерекшеленгені үшін бөбекжай тәрбиеленушісі Қабылжан Гауһар Рахимқызы аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің ІІІ Дәрежелі дипломымен марапатталды.
“Айгөлек” мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының аудандық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін “Жауқазын” бөбекжайының тәрбиеленушілері “Аю мен қояндар” ертегісінен “Бас жүлде”, “До,ре, ми” балалар оркестрі І дәрежелі диплом, Вокал номинациясы бойынша Талғатқызы Айлина ІІ дәрежелі диплом, “Айгөлек” бишілер тобы ІІ дәрежелі диплом, көркем сөз өнерінен Бөлекбайұлы Мейіржан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 жылы “Айгөлек” мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының аудандық фестивалінде “Хореография” жанры бойынша қабілетімен ерекшеленген “Айгөлек” би тобы ІІІ Дәрежелі дипломмен, “Театрлық- сахналық” өнер жанры бойынша “Маша мен аю” ертегісінен Бас жүлде, облыстан ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жарты ғасырға жуық терең тарихы бар «Жауқазын» бөбекжайында бүгінгі таңда қазақ тілінде 6 топта 140 бүлдіршін тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер бойына 21 педагог-тәрбиеші білім мен тәрбиенің дәнін себуде. Меңгеруші, әдіскер, психолог, дефектолог, музыка жетекшісі, хореограф, ағылшын тілі және орыс тілі мамандары, 12 тәрбиеші жұмыс жасайды.Жоғары білімді-19, аяқталмаған жоғары -2, І-ші санатты-5, ІІ санатты -14, санатсыз-2. Педагог мамандар өз білімдерін жетілдіру мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамынан, “Нұр болашақ” мектепке дейінгі ұйымдар одағы” заңды тұлғалар бірлестігінен, “Келешек” психологиялық орталықтарынан курстардан өтіп, білімдерін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар бөбекжай педагогтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының “Үздік қазақ тілді интернет сайт сыйлығы” байқауының жеңімпазы Martebe.kz. білім порталының ұйымдастыруымен балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген Республикалық “Үздік балабақша тәрбиешісі” байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Даришева Қалампыр”Жаңашыл тәрбиеші” номинациясы бойынша, Танатарова Алия Мақтау қағазымен, Бубитаева Ғалия Құрмет грамотасымен марапатталды. “Үздік балабақша әдіскері” Альдешова Баян Мақтау қағазымен, “Күз- береке бастауы” ертеңгілігі бойынша Аманғалиева Жансұлу Алғыс хатпен, “Қыс қызығы” ойын-сауығы бойынша Даришева Қалампыр І Дәрежелі дипломмен және Қазақстан Респубикасы білім және ғылым министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығының “Психологиядан республикалық қашықтық ” олимпиадасы “Сертификат”, Білім беру әдістемелік орталығы “New Opportunities” ЖШС ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген “Мен және менің мамандығым” байқауында “Ең үздік психолог кабинеті” номинациясынан “Гран при”жүлдесін Тулегенова Болған иеленсе, Ахметова Асыл Сертификатпен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының 70 жылдығына арналған “Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар,жүзеге асыру” атты мектепалды білім беру мекемелерінің барлық мамандары үшін халықаралық байқауына музыка жетекшісі Қадырғалиева Гүлшара қатысып, І Дәрежелі дипломмен және 2016 жылғы Дошкольный мир журналының №3(4) санында “Қыс қызығы” ұйымдастырылған оқу қызметі жарияланды. Осы жылғы журналдың №6(7) санында тәрбиеші Танатарова Алияның “Саты” тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі жарияланды.
Ағылшын тілі маманы Аубакирова Гүлжазира “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Егемен елдің ертеңгі тірегі – бүгінгі балдырғандырымыз десек, олардың заман талабына сай тәрбиеленуі педагог-тәрбиешілердің қолында. Бұл орайда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Болашақтың қақпасы – әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. «Жауқазын» бөбекжай ұжымы осы талап биігінен шығу жолында алға қарай да аянбай еңбектене береді.