Біздің бөбекжай- бақшада балалардың қабілетін, қызығушылығын және өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған «Baby Skills» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Байқауды бөбекжай әдіскері Ақжүніс Қисақызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1. «Мамандықты таны» – балалар мамандық түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктерін ажырата білді.
2. «Мен маман боламын» – өздері таңдаған мамандықтарды сахналай отырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
3. «Қолымнан бәрі келеді» – тапсырмаларды өз бетінше орындап, ептілік пен дағдыларын танытты.
✨ Байқау арасында балаларға көңіл көтеру мақсатында қызықты сергіту сәті ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушы бүлдіршіндер: көлік жөндеуші – Қоныс Хамза, тәрбиешісі Бикешова Айгерим ;
Шаштараз- Батырханқызы Медина, тәрбиешісі Сисенова Ақмарал;
Дәрігер- Сансызбай Кәусар, тәрбиешісі Қанатқызы Дина;
Тәрбиеші мамандығы- Әміржан Айназ, тәрбиешісі Аманғалиева Жансұлу;
Құрылысшы- Аймұрат Әлия, тәрбиешісі Дүйсенова Салтанат;
Аспаз- Ғилымғали Айзере, тәрбиешісі Кадирова Бану.
⚖️ Әділқазылар алқасы арнайы дайындалған бағалау парағы арқылы әр қатысушының жұмысын әділ бағалап, қорытындысын шығарды.
I орын- Қоныс Хамза
II орын- Әміржан Айназ
Ғилымғали Айзере
III орын- Сансызбай Кәусар
Батырханқызы Медина
Аймұрат Әлия иеленді.
Әр бала- жеңімпаз, әр бала дарынды. Біздің міндетіміз- олардың жарқын болашағына жол ашу, қолдау көрсету және шабыттандыру.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен батылдығы үшін үлкен алғыс! 🌟
Бұл байқау балалардың дамуына, өз мүмкіндігін ашуына үлкен серпін берді.
Осындай игі шараға қатысуға мүмкіндік жасаған бүлдіршіндердің ата-аналарына рахмет!