Skip to content

Консультативтік пункт

Құрметті ата-аналар!
Сіздердің балаларыңыз қазіргі уақытта балабақшаға қамтылмаған болса, біз сіздерді Ата-аналарға арналған консультативтік пунктке келуге шақырамыз.
📌 Мақсаты: Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, ата-аналарға әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесі бойынша кеңес беру.
Консультативтік пунктте сіздер төмендегі мамандардан тегін кеңес ала аласыздар:Мектепке дейінгі тәжірибелі тәрбиешілер мен педагог-психологтан кеңес алуға шақырамыз.
Балаңыздың жан-жақты дамуына бірге қолдау көрсетейік!
Қосымша ақпарат алу үшін:
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы
📞 Байланыс телефоны: 87013853246

“Жауқазын” бөбекжай-бақшасында тәрбиешілер мен мамандарға “Ата-аналарға арналған кеңес пунктінің” жоспарымен  және әр айға жоспарланған іс-шаралар кестелермен таныстырып,  жұмыстарды бөлу жиналысы өтті.
Жиналысты бөбекжай-бақша әдіскері А.Каримова өткізді.

Ата-аналарға арналған кеңес пункті

Бөбекжай-бақша медбикесі Б.Ж.Имашева  қазіргі таңда көп таралған тұмау және ЖРВИ аурулары туралы түсінік берді.